"ЗЕРТТЕУШІ МЕКТЕП" мектепішілік семинар

мамыр 02, 2022 13

"ЗЕРТТЕУШІ МЕКТЕП" мектепішілік семинар

279433186_1236481393789013_4106421806612394581_n.jpg

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицей»КММ бастауыш сынып ұстаздарының қатысуымен «Зерттеуші -педагог» шығармашылық тобы педагогтарымен «Педагогтардың зерттеу әрекеті: оқушыларды кітап оқу сауаттылығына үйретудің маңыздылығы» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Семинарда А.С Нургазинаның «Педагогтардың зерттеу құзыреттілік моделі», П. Н Дюсенбаева мен А.З Мустафинаның «Бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға құштарлығы», Т.К.Енсебаеваның "Эффективные методы и приёмы развития читательской грамотности на уроках в начальной школе", А.Қ Қалықбаеваның "Бастауыш сынып ата-аналарымен жұмыс: оқуды үйрену және үйрену үшін оқу", Ф.С Жанаеваның «Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын жітілдіретін әдістерді апробациялау.», Г.А Умирбекованың «Исследовательско-проектная деятельность младших школьников.», А.Н Аубатырованың «Жазу-тіл мәдениеті және есте сақтау құралы ретінде зерттеу» тақырыптарында жүргізген педагогикалық зерттеу жұмыстары тыңдалып , қорытынды нәтижесі жарияланды. Педагогтардың жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты: оқушыларға кітап оқу қажеттігін ұғындырып, үйрету үшін не істей аламыз?- деген сұрақ төңірегінде өрби отырып, оқу сауаттылығын жақсартуда қандай тиімді әдіс-тәсілдер топтамасын қолдануға болатындығын айқындау болды. Семинар барысында іс-әрекетті зерттеу негізінде тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай отырып өткізілген зерттеу жұмыстарына сарамандық жұмыстың қорытындысы болып, оқушылармен өткізілген «Кітап оқу күні» оқу конференциясының нәтижесі көрсетілді.

279395322_1236481640455655_7155052858930285310_n.jpg

279292689_1236481760455643_793379345807752331_n.jpg

279222197_1236481460455673_7076354329270525545_n.jpg

279215946_1236481783788974_17718694171230716_n.jpg