ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

там 30, 2022 1922

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

301970191_1319560642147754_7011066063959337525_n.jpg Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейде 2022-2023 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі жаңа форматта ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде, әр пән кафедраларына «Мұғалім оқушының үлгеріміне қаншалықты әсер ете алады?» деген тақырып беріліп, постер жасау тапсырылды. Оны педкеңестің екінші кезеңінде барлық ұжым алдында қорғап, әр кафедра жаңа оқу жылына үлкен жоспар құрды. Әр постерден оқушылардың үлгеріміне ең алдымен, мұғалімнің үздіксіз дамуы, өзгеріске ене алуы, «оқушы үнін» тыңдай білу, оқушыға мейіріммен қарап, барлығын бірдей көру сынды ойлары көрінсе, түрлі әдіс-тәсілдер, бағыттармен жұмыс түрлерін ұсынды. Жүсіпбек Аймауытовтың «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен, ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімділердің көздейтін түпкі мақсаты - осы. Ұстаз осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек» дегендей, бірінші кезеңге қойылған мақсатымыз постер қорғауда көрініс тапты. Оқушылардың оқу сапасын жақсартуды көздеген педагогикалық кеңесте бірнеше тақырыптағы өзекті мәселелер көтерілді. Педкеңестің екінші кезеңінде жоспарға сай тақырыптық, ағымдағы жұмыстар айтылды. Мектептің кәсіподақ кеңесінің ұйымдастыруымен педкеңестің үзіліс уақытында кофе - брейк ұйымдастырылды.

300437414_1319570022146816_8330065947878706606_n.jpg

300436934_1319573328813152_4012373453349504172_n.jpg

285061305_1319560802147738_4530320695155352762_n.jpg

300618830_1319560765481075_8171999769673993458_n.jpg

300563149_1319560338814451_2099889842979800899_n.jpg

300504257_1319571932146625_7906944983134517749_n.jpg

301051811_1319560535481098_383783158494371184_n.jpg

300772583_1319560705481081_6601508291991580219_n.jpg

300682660_1319570838813401_475140093832025569_n.jpg

301558011_1319573098813175_4914736150019427836_n.jpg

301495334_1319570678813417_5715368297994526852_n.jpg

301225516_1319569542146864_6638013950546089807_n.jpg

301689720_1319569428813542_4239211813199793149_n.jpg

301589129_1319572842146534_5951246422833892588_n.jpg

301582638_1319573755479776_6083083140673722107_n.jpg

301968327_1319560438814441_8452916221677679421_n.jpg

301848884_1319572798813205_4794821444212094907_n.jpg

301839610_1319573808813104_5989652518104733622_n.jpg

302046935_1319570312146787_451109442388384494_n.jpg

302183140_1319560498814435_5216499684646644264_n.jpg

302438680_1319560928814392_1802746663983384999_n.jpg