Бүгін ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай мектебімізде салтанатты әскери-патриоттық кездесу сабағы өтті.

мамыр 03, 2022 9

Бүгін ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай мектебімізде салтанатты әскери-патриоттық кездесу сабағы өтті. Мақсаты: білім алушы жасөспірімдерімізге Отансүйгіштік тәрбиесін беру. Еліміздің даңқты батырларының ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау. Кездесу кешіне арнайы Кәкімұлы Мұхтар - ҚР ҰҚК Шекара қызметі подполковнигі, Шекарашы ардагерлердің "Застава тарландары" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қасымбеков Ербол Оразұлы - ҚР ҰҚК Шекара қызметі полковнигі, Шекарашы ардагерлердің "Застава тарландары" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Кемел Жанар Құрманбайқызы - ҚР ҰҚК Шекара қызметі аға офицері, Қасымбеков Ербол Оразұлы - ҚР ҰҚК Шекара қызметі полковнигі, Шекарашы ардагерлердің "Застава тарландары" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Этнодизайнер Қарабдал Ерболат Кендебайұлы қонақта болды. Ардагер қонақтарымыз мектебіміздің «Жас сарбаз» сыныбының әскери-жаттығулары мен шеруін тамашалап, Бауыржан Момышұлы музейімен танысты. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл мерекесіне арналған іс-шара Бауыржан Момышұлы монументіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: директордың тәрбие ісі орынбасарлары: Г.С.Нұржанова, А.З.Биржанова және мектеп музейінің меңгерушісі Е.Е.Алиев, АӘД пәні мұғалімі, «Жас сарбаз » әскери клубының жетекшісі Қ.М.Айжаксин.

279714212_1237227553714397_7994531243920819680_n.jpg

279810195_1237227597047726_4684181146747754167_n.jpg

279826533_1237227197047766_5433407395684984368_n.jpg

279850807_1237227440381075_1561486066043491771_n.jpg

279291114_1237227490381070_3630012911133613288_n.jpg

279303386_1237227160381103_3845089898999346977_n.jpg

279255565_1237227567047729_4132715071072104138_n.jpg

279512420_1237118157058670_3335795318046499142_n.jpg

279505390_1237227230381096_2063940870704584178_n.jpg

279411844_1237227407047745_6861708716289308385_n.jpg

279625685_1237117767058709_76760232912495616_n.jpg

279674757_1237118107058675_7317990684685747804_n.jpg