СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!
СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!
Бауыржан Момышұлы атындағы 53 тмектеп-лицей түлектері
Бүгін мектебіміздің түлектері үшін ерекше күн. Қолдарына 11 жыл бойы алған білімдерін растайтын жалпы орта білім туралы аттестатын алды. Үлкен өмірге мектебіміздің 163 түлегі қадам басты. Оның 10-ы "Алтын белгі", 11-і үздік аттестат иегерлері. Құрметті, жас түлек! Бауыржан Момышұлы атамыз «Адам болу -қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу-парыз» деп айтқандай, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын. Жолдарыңыз сәтті болсын! Ақ жол!