ТҮЛЕКТЕРГЕ НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТТЫ ТАБЫСТАУ

мау 16, 2023 22

ТҮЛЕКТЕРГЕ НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТТЫ ТАБЫСТАУ

Бауыржан Момышұлы атындағы 53мектеп-лицей түлектері

Бүгін мектебімізде 9-сыныптар үшін негізгі орта білім туралы аттестатты табыстау салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Осы оқу жылында 9- сыныптардың 253 түлегі мектепті бітірді. Оның 26-сы үздік аттестат иегерлері. ҚҰРМЕТТІ, ЖАС ТҮЛЕК! Сіздер үшін бүгінгі күн - негізгі орта білім туралы аттестатты қолға алып, алда жаңа өмір жолының басталатын күні. 9 жыл бойы алтын ұя мектептеріңізден негізгі орта білім мен тәлім-тәрбие ала жүріп, болашақтарыңыздың іргетасын қаладыңыздар. Сіздер жаңа әлемге, мамандық таңдау жолына қадам басқалы тұрсыздар. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын. Ақ жол!

354063756_1519052618865221_2762259304193738135_n.jpg

354044165_1519053022198514_1461199749975446612_n.jpg

354262251_1519053265531823_5178846392511599583_n.jpg

354063756_1519052618865221_2762259304193738135_n (1).jpg

354236583_1519053248865158_6250337998747122331_n.jpg