Астананың орта білім беретін мектептері арасында «Қазақстанға атом электр станциясы керек пе?» деген тақырыпта дебат турнирін өткізді.

қар 01, 2022 60

311989441_561921092602363_6005243726644294028_n.jpg

2022 жылғы 29 қазанда Халықаралық құқық кафедрасы Бауыржан Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейімен бірлесіп Астананың орта білім беретін мектептері арасында «Қазақстанға атом электр станциясы керек пе?» деген тақырыпта дебат турнирін өткізді. Дебат турнирі 2022 жылғы 29 қазан мен 10 қараша аралығында өтетін «Халықаралық құқықтың заманауи сын-қатерлері» тақырыбында Халықаралық құқық бойынша I Еуразиялық конгресс шеңберінде бірқатар іс-шараларды ашады. Дебат турнирін тарих, құқық және экономика мұғалімі, «Ойшыл» пікірсайыс клубының жетекшісі Әлиев Ербол Ермаханұлы ашты. «Алтынай» би ансамблі өз өнерімен дебат турнирін ажарландырды.

312803075_561921149269024_7780725215269799009_n.jpg

Халықаралық құқық кафедрасын өзінің құттықтау сөзімен Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Тлепина Шолпан Валерьевна ұсынды, сонымен қатар PhD философия докторы, аға оқытушы Р. Д. Акшалова, халықаралық құқық магистрі, оқытушы, Қаражан Б. С., «International lawyer’s club» клубының президенті, «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенті, Алтын белгі иегері және Президенттік стипендия лауреаты – Данияр Әдемі Мұхтарқызы, «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенті, «Парасат» МҮ дебатері Көптлеуова Әсемай халықаралық құқық кафедрасын ұсынғандар қатарында болды. Дебатқа 15 мектептен 32 команда қатысты: 1) Бауыржан Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейі; 2) № 70 мектеп-лицейі; 3) Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейі; 4) Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-лицейі; 5) № 30 мектеп-гимназиясы; 6) Райымбек Батыр атындағы № 50 мектеп-лицейі; 7) № 52 мектеп-гимназиясы; № 38 мектеп-лицейі; 9) № 64 мектеп-лицейі; 10) № 72 мектеп-лицейі; 11) № 57 орта мектеп; 12) № 63 мектеп-гимназиясы; 13) № 91 мектеп – гимназиясы; 14) Ахмет Байтұрсынов атындағы Binom school мектеп-лицейі; 15) Мұқағали Мақатаев атындағы № 74 мектеп – гимназиясы.

Турлар арасындағы үзілістер кезінде кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты кафедра оқытушысы Б. С. Қаражан 2022 жылғы 3 қарашада ЕҰУ Ашық есік күніне қатысуға және «Халықаралық құқық» мамандығына оқуға түсуге оқушыларды тарту бойынша үгіт-насихат дәрісін өткізді. Дебат мемлекеттік тілде Британдық парламенттік форматта өтті. Өткізілген турнир қорытындысы бойынша келесі жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды. Екі турдың қорытындысы бойынша финалға 8 команда шықты, олар 4 командадан 2 аудиторияға бөлінді. 307 аудиторияда жеңімпаз атанғандар: 1 орын – «Сарыарқа» фракциясы, А. Байтұрсынов атындағы Binom school мектеп-лицейі. Жаттықтырушысы – Мусаева Гульмира; 2 орын – «Дат 1» фракциясы, М. Мақатаев атындағы № 74 мектеп – гимназиясы. Жаттықтырушысы – Абдиров Өркен; 3 орын - «Қазақ» фракциясы, № 38 мектеп-лицейі. Жаттықтырушысы – Ақман Шырайлым; 4 орын - «Ұрпақ 1» фракциясы, Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейі. 308 аудиторияда жеңімпаз атанғандар: 1 орын – «Ақиқат 63» фракциясы, № 63 мектеп-гимназиясы. Жаттықтырушысы – Сүгірбаев Акежан; 2 орын – «Жеті Жарғы» фракциясы, Ы. Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-лицейі. Жаттықтырушысы – Қалқабай Айсұлу; 3 орын – «Ақиқат 64» фракциясы, № 64 мектеп-лицейі. Жаттықтырушысы - Бекназарова Дина; 4 орын - «Асторт» фракциясы, Б. Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейі. «Үздік спикер» дипломдарын алғандар: 1) Айбын Аян, «Құрылтай» фракциясынан; 2) Алпысбай Жанар, «Шаңтимес» фракциясынан; 3) Қадір Диана, «Шаңтимес» фракциясынан; 4) Ахтай Асылай, «Катцу» фракциясынан; 5) Альмұхамбетова Аруана, «Ақиқат 38» фракциясынан; 6) Балқыбек Ислама, «Premium Class» фракциясынан. «Үздік судья» дипломдарын алғандар: 1) Еркінбек Айдана; 2) Алдибек Арайлым; 3) Ғазизова Ғазиза.

312454343_561920982602374_7874611482276000807_n.jpg

Төрешілердің ұпайларын есептеу нәтижесі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кубогын А. Байтұрсынов атындағы Binom school мектеп-лицейінің «Сарыарқа» фракциясы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ естелік сыйлықтарын алды. Бауыржан Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейінің кітапхана қорына Халықаралық құқық кафедрасынан 2 кітап түсті. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық құқық кафедрасы Б. Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейінің басшылығына, директор З. Е. Кияноваға, «Ойшыл» дебат клубының жетекшісі Е. Е. Әлиевке және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі менеджер А. З. Биржановаға дебат турнирін ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдескені үшін шын жүректен алғысын білдіреді және болашақта одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.

312337015_561920985935707_638425296748570055_n.jpg

312460967_561921072602365_2091550222969746159_n.jpg

312343481_561921172602355_6082450727260226312_n.jpg