Мұғалімдер күні
Мұғалім мәртебесі қашан да жоғары. Өйткені, өмірді таныған кез келген адам ұстаздың алдынан өтеді, ұстаз тәлімін алады. Осыны ұғынып өскен өскелең ұрпақ ерекше құрметті ұстаздардың кәсіби мерекесінде көрсетті. Мектебіміздің өзін өзі басқару ұйымының мүшелері, жоғары сынып оқушылары әкімшілік пен ұстаздардың орнын алмастырып, "Дублёр күнін" ұйымдастырды. Мұғалімнің бір күндік жұмыс күнінің қызметін атқарып, жауапкершілікті сезіне білді, әрі жоғары деңгейде өткізді. Мерекенің жалғасы ұстаздарға арналған мерекелік концертпен ұласты. Шығармашылық жетістіктері мен абыройлы еңбектері үшін бірнеше педагог Білім басқармасының, Алматы ауданы әкімінің, қалалық кәсіподақ кеңесінің, т.б. Алғыс хаттарымен марапатталды.