1 қыркүйек - білім күні!
Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда. Жарқын да қуанышты мереке – Білім күніне орай, Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицей де бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Мереке қарсаңында 1,11-сыныптар үшін салтанатты жиын, барлық сыныптар үшін сынып сағаттары ұйымдастырылды. Салтанатты жиында мектебіміздің мақтанышы "Қазақстан Балалар Дауысы" халықаралық байқауының Бас жүлдегері Омар Ерсұлтан «Ұстазым» әнімен әуелетсе, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары «Алтынай» халық би ансамбілі өнерін көрсетті.
Жаңа 2022-2023 оқу жылы білімнің жаңа шыңдарын бағындыратын, бірегей жаңалықтар ашылатын сәтті жыл болсын!