Өзіңнен баста! Бәрі өз қолыңда!...

ақп 16, 2015 16

"

11 ақпан 2015 жылы  №52 мектеп-гимназиясында Астана қаласы Алматы аудандық прокуратурасы, Алматы аудандық әкімшілігі және Білім басқармасының қолдауымен «Мүлдем төзбеушілік: сенің үйің, сенің көшең, сенің қалаң. Өзіңнен баста!  Бәрі өз қолыңда!...» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: кәмелеттік жасқа толмағандар арасында ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру және жастар бастамаларын қолдау.Дөңгелек үстел жұмысына Алматы ауданына қарасты мектептер мен колледждердің лидерлері  қатысты. №53 мектеп-лицейінің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесі және ұланбасы Мұхамадияр Балнұр қатысты.
     Іс-шараның алғашқы сөзін Алматы аудандық прокурорының көмекшісі Амиршин Алим Кадырұлы алып, жастар жұмысына бағыт-бағдар бере отырып, табыс тіледі. Келесі сөз алған  жастар ісін қолдау қорының директоры Жүнісбеков Бақытжан Әбдірайымжанұлы: «Жастар немқұрайдылықтан арылу керек.. Өз қаламызға әрбіріміз жанашыр болуымыз және өз ауламыздан басталатын қала тазалығына ат салысуымыз керек!» - деді.

   

"