«Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл»

ақп 17, 2015 2

"

№53 мектеп-лицейінде 16 ақпан күні 6«А» сыныбында «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік беру. Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру болды. Оқушылар сынып сағатында өте жақсы белсенділіктерін танытты. Сынып Абылайхан мен Тәуке хан болып екі топқа бөлінді. Қазақ хандығының негізін салған хандармен толық танысты. Сөзжұмбақтар мен анаграммалар шешілді. Балалар сынып сағатынан жақсы әсермен шықты. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктері мен әсерлерімен бөлісті. Сынып жетекшісі: Маликова С.Р.

       

      
    
   

"