«Қазақ хандығына 550 жыл»

ақп 16, 2015 5

"

16 ақпан 2015 жылы №53 мектеп-лицейінде өткен «Қазақ хандығына 550 жыл» бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы туралы тереңірек таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

І-ауысым бойынша 1,4,5,9,10,11 сыныптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

  

  

10-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында кездесу сабақ мектеп акт залында өтті. Кездесуге ҚР Ұлттық мұражайының «Экскурсияны ұйымдастырып өткізу» бөлімінің қызметкері Жүнісов Құмар және «Атамекен картасы» этно-мемориалдық кешенінің директорының қызметін атқарушы Жұмабаев Батырхан қатысты.

 

9 «Д» және 9 «Е» сынып жетекшілері Турлина А. және Баяубаева Г.К. мектеп кітапханасында конференция-сабағын ұйымдастырды.

     

  

Елбасы өз сөзінде: «1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ мемлекеттілігін осы кезден бастайды. Мүмкін, бұл термин біздің қазіргі түсінігіміздегі, бүгінгі шекарамыздағы бүкіл әлемге танымал және беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ, сол замандағы басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі қаланғандығы, ал біздердің ата-бабалар ұлы істерін жалғастырғанымыз» деген еді.