«Қайырымдылық» акциясы

ақп 16, 2015 17

"

Республикалық «Қайырымдылық» акциясының «Мейірімділік-М» қайырымдылық қорымен бірлесе ұйымдастырылып өткізілген қорытынды іс-шара

Мектепте 15.01 – 15.02 аралығында республикалық «Қамқорлық» акциясы өтті.

Мақсаты: аз қамтамасыз етілген, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау, көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу. Акция барысында мектеп оқушыларынан көмек алған балалардың саны – 299. Оның ішінде ППРК 25.01.2008ж. №64-ден - 22 бала болса, бюджеттен тыс қаражат есебінен – 214 бала. Көрсетілген жалпы сомасы – 824 000 теңге. Акция барысында 74 мұғалім, 2933 пәтерді аралады. Мектепке бармай жүрген оқушылар анықталмады. Бекітілген жоспар бойынша сынып сағаттар, жәрмеңке, сайыстар өткізілді. 13 ақпанда «Мейірімділік-М» қайырымдылық қорымен ұйымдастырып өткен концерттік бағдарламамен қатар мектептің тіркеуіндегі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасындағы балаларға көмек көрсетілді. Мектеп директоры «Мейірімділік-М» қорының төрайымы Сейлова Айгуль Омурқызына көмекке мұқтаж балаларға көмек қолын ұсынып, қамқорлыққа алған шынайы жанашырлық ниеттеріне ризашылық танытып, алғысын білдірді.