АЛЖИР атты әйелдердің азабы…

қар 13, 2014 5

"

Астана қаласы №53мектеп-лецейінің 8«А», 8«Б», 7«А» сынып оқушылары қараша айында Малиновкада орналасқан АЛЖИР мұражайына барып қайтты. Мақсаты: Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Әйел жаулығы мен ер дулығасынының формасымен жасалған «Қасірет қақпасы» саналы адамға ой салары анық. Жаулығынан айырылған аналарға дулығалы ерлер қорған бола алмаған заманның куәгерлері болмаған біздер бақытты екенбіз, сірә... Музейдің көптеген қызықты, тарихи, қорқынышқа толы экспозициялары бар. Музейден кейін біз өте үлкен, бір жанашырлық сезімде болдық. Бізді осылай өткен ащы да, қиын сәттерді, Тәуелсіздіктің қалай келгенін ұмыттырмай тарихқа көз жүгіртіп, үлкен эмоция бергені үшін сынып жетекшіміз бен гид Валентина Михаиловнаға және музей жұмысшыларына алғысымыз шексіз. Оны мың рет естігенше бір рет көрген артық... Егер Астанада болсаңыз АЛЖИР-ді, көруге тиіссіз...

"