Қаллеки театры

қар 03, 2014 5

"

Қ.Қуанышбаев театрының қызықты қойылымдарын жібермей, сыныппен жақсы көріп тамашалаймыз. Көптеген танымал драма, трагедия, комедиялардын көрермені болдық. Әр қойылымнан ерекше әсер алып, жақсы көңіл күймен шығамыз. Әрине, осы үшін Қаллеки театрының актерлері мен театр жұмысшыларына алғысымыз зор! Қаллеки театрына көптеген танымал, өнерлі кісілер келеді. Солардың ішінде "Жайдарман" әзілкештер мен тапқырлар сайысының ойыншысы Нұрболхан Шарапов ағамызбен көрістік және театрдың құрметті тұлғасы, режиссер, сценарист Қанат Жүнісов атты атамызбен суретке түсу бұйырды. Ал, бұл жолы бізге үлкен тосын сый болып, Асанәлі Әшімов атамыз бізбен "Махаббат сиқыры" комедиясын тамашалауға келіпті. Және біздің сыныпты тәртіпті сынып ретінде алдынғы қатарға отырғызды. Қазақ киносының атасы, танымал актер, режиссер Асанәлі Әшімовтың қолын алып, суретке түсу біз үшін үлкен мәртебе. Осы атамыздай танымал, құрметті кісі болуды біз де армандаймыз. Кетерінде бізге "Сабақтарынды жақсы оқыңдар, балалар!" деп кеткеннен кейін, сабаққа құлшынысымыз артты. Өйткені мұндай елдің зор құрметіне бөленген, әлемге танылған атамыздан бата алып, суретке түсу екінің біріне беріле беретін мүмкіндік емес. Сондықтан, қуанышымызда шек жоқ. Қойылымның актерлері де керемет ойнап шығып, бәрімізге күлкі сыйлады. Әлі талай қойылымдарды тамашалауға келеміз деп ойлаймын.



"