Ана тіліміздегі энциклопедияның тұсауы кесілді

қар 22, 2014 13

"

Оқушылар Сарайында алғащқы қазақ тіліндегі Астрономия энциклопедиясының тұсауы кесілді. №53 мектеп лицейінің 8"а" сыныбыммен тұсау кесерде физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Төлеутайқызымен бірге болдық.
                           

Салтанатты кештің қонағы болып қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров атамыз қатысып, оқушыларға тәлім-тағылымын айтты. Ол кісі бізге астрономияның қызықтарын және өзінің аспан әлеміне саяхаты жайлы әңгімелеп берді.

                 

Бұл кітаптың авторы белгілі қаламгер, фантаст жазушы, астроном, Халықаралық "Байқоңыр" сыйлықтарының лауреаты, зерттеуші- ғалым Жүніс Сахиев. Ол кісіге біз үлкен алғысымызды білдіреміз. Өйткені қазақша астрономия кітабы оқушылардың аспан әлеміне деген қызығушылығын еріксіз  арттырады.

                              

"Foliant" баспасының Астрономия энциклопедиясында қызықты ашулар, ғалымдардың есімдері, жұлдыз-планета атаулары, аспан жүйесінің әртүрлі фактілері жазылған. Енді біз физика-астрономия туралы өте көп нәрсе біліп үйренетін боламыз және алдағы уақытта бәріміз сол кітапты оқып бітіреміз деген ойдамыз. Энциклопедияда қазіргі заман астрономиясының барлық бағыттары мен жетістіктері көрініс тапқан. Кітапта осы ғылымға қызығушыларға, астрономия пәнінің мұғалімдеріне пайдалы мектеп бағдарламасына қосымша материалдар түрінде практикалық мәліметтер мен ұсыныстар берілген. Сонымен қатар Планетарийдің үлкен күмбез экранынан тақырыптық бейне-ролик көрсетілді. Жаңа технологиялардың арқасында біз шынымен космосқа ұшқандай әсер алып, қызықтап тамашаладық. "Хабар" арнасына сұхбат беріп, алған әсерімізбен бөлістік.
                
Ал салтанатты ашулдың соңында біз Тоқтар Әубәкіров атамыздан қолтаңба алып естелік суретке түстік.
                     

                       



"