«Ұлтымныңұлы болу – ұлы арманым» кездесу
"
№53 мектеп-лицейінде ҚР халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Ұлтымныңұлы болу – ұлыарманым» тақырыбында әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері БекболатҚанайұлыТілеуханмен кездесу болып өтті.Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысты.Кездесудің мақсаты: Оқушыларымызға халқына қамал, антына адал болып жүрген біртуар азамат Бекболат Қанайұлы Тілеуханның лебізін тыңдата отырып, халқымыздың мәртебесін биік ұстауға елжандылыққа, ойлылыққа баулу.Кездесу кезінде Бекболат Қанайұлы Тілеухан оқушыларымызға отбасындағы тәрбиенің адам өмірінде алатын орны зор екендігіне тоқталып, ата-ананы сыйлау арқылы Отанды сүйе алатынын айтты. Сонымен бірге «Еліміздің болашағы жастың жалыны мен ақсақалдың ақылына бірдей сүйенгенде нығаяды», «Мықты адам сабырлы болады» деген тәрбиеге толы сөздері балалардың сезіміне ерекше әсер етті.Жауапты мұғалімдер: Сарсембаева Ж.Т., Рыхсиев Е., Нұрұшева С.