«Абай - дана, Абай – дара - қазақта» атты мәнерлеп оқу сайысы

қаз 01, 2015 227

"

№53 мектеп-лицейде 2-4 сыныптар арасында: «Абай - дана, Абай – дара - қазақта» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Абай атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін оқыту, жаттату арқылы қазақ халқына деген ілтипаты мен сүйіспеншілігін арттыру, Абай өлеңдерінің тілінің құдыретін таныту арқылы оқушылардың бойындағы адамгершілік, Отан сүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеу мақсатында өтті. Абай өлеңдерін 2-сынып оқушылары: 2«В» сынып Тұрсынбай Мерей Абайдың «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін нышанына келтіре жатқа оқыды. 2«А» сынып оқушысы Габдулхамит Мейіржан Абайдың «Күз» өлеңімен бірге 10-қара сөзін мәнерлеп жатқа оқыды, 4«Д» сынып оқушылары: Таирова Элонора мен Маулетбек Жандос 11-қара сөзімен «Қараша, Желтоқсанмен сол бір, екі ай», «Сенбе жұрқа тұрса да, қанша мақтап, Әуре етеді ішінен қулық сақтап» атты өлеңдерін жатқа оқып берді. Абай атамыздың қанатты қара сөздерін 4«А» сынып оқушысы Болат Аида 15-қара сөзін оқыса, 4«Ж» сынып оқушысы Айтпаева Алина 42-қарақ сөзімен 45- қарақ сөзін айтса, 4«Е» сынып оқушылары Тамабаева Айсана мен Пак Милана қазақ тілінде 18 -қара сөзімен 21-қара сөздерін жатқа мәнерлеп айтып берді.





"