«Қарттарым - асыл қазынам»

қыр 30, 2015 7

"

28 қыркүйекте 7«А», «Ә», «Б», «В» сыныптарда 1 қазан – қарттар мерекесіне орай «Қарттарым - асыл  қазынам» атты тақырыпта зейнеткер, ұстаз Мұхамеджанова Амина Қойлыбайқызымен кездесу кеші өтті. Өткізудегі мақсатымыз оқушы бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру арқылыүлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және  салт-дәстүрден нәр алып, өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке жаман мен  жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден  ғибрат алуға тәрбиелеу. Амина Қойлыбайқызы 42 жыл ұстаздық қызметін атқарып келе жатқан аяулы ұстаз. Атаулы мектепте 10 жыл қазақ сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Кездесу кештің барысында оқушылар Амина Қойлыбайқызының өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Зейнеткер ұстазға оқушылар концерттік бағдарлама ұйымдастырды, 7«Ә» сынып оқушысы Мусабекова Карина өзі шығарған арнауын мәнерлеп оқып, гүл шоғымен тарту етті. Зейнеткер ұстаз оқушылардың қойылған сұрақтарына көңілге қонымды жауап берді. Кездесу соңында Мұхамеджанова Амина Қойлыбайқызы қатысушыларға рахметін айтып, саналы ұрпақты үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай мейірімді болуға шақырды. Кездесу кешінің ұйымдастырушысы: 7 «Ә» сынып жетекшісі Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы.






"