«Бір атаның балалары»
"
Астана қаласы №53 мектеп-лицейде 2015 жылы 22 қыркүйек күні 11 «А», «Ә» сынып оқушыларының арасында ҚР халықтарының Тілдері күні мерекесіне арналған оқырмандар конференциясы болып өтті. Оқушылар алдын- ала берілген тапсырма бойынша М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятының мазмұнымен танысты. Содан кейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Т.Сарсембаеваның кеңесімен хикаят мазмұнына сай өмірмен байланыс жасай отырып, ҚР халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына сай қосымша деректермен таныстырылды. Оқушылар үш топқа бөлінді. І топ «М.Мағауин және қазақ әдебиеті», ІІ топ «Хикаят және соғыс жарасы», ІІІ топ «Хикаят және халықтар достығы» тақырыбы бойынша хикаят мазмұнына талдау жасап, кейіпкерлер бейнесі мен оқиғалар арқылы өз тақырыптарын қорғады. Неліктен хикаяттың «Бір атаның балалары» деп аталғанын, халықтар достығының тамыры түсіністіктен, мейірімнен бастау алғанын дәлелдей алды. Соғыс кезіндегі халқымыздың биік азаматтық бейнесін шынайы көрсеткен жазушы М.Мағауиннің қаламгерлік шеберлігіне ризашылық сезімдерін айта өтті. Оқушылар шығарманы оқу барысында асық жілік ұстату, тілін кәлимаға келтіру, сүндетке отырғызу, асық-жілік ұстар тойы, аттың тізгінін ұстау сияқты ұлттық дәстүрмен де танысты. Оқушыларға М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты ерекше әсер етті. Соңынан SWOD әдісімен талдау жасатылды «Күшті», «Әлсіз» «Мүмкіндік» «Қауіп қатер» атты шағын топтарға іс-шараның басында берілген тапсырмалар бойынша қорытынды жасады. Кітапханашы Д.І.Ибтанова оқушылардың ізденісі мен ортада өз пікірлерін қорғау кезіндегі ұстанымдарына ризашылығын білдіріп, Тіл мерекесімен құттықтады. Кітап талдау жұмысын өткізген- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы.