Тілдер мерекесі

қыр 21, 2015 6

"

№53 мектеп-лицейінде Тілдер мерекесіне орай 10«Д», «Е» орыс тілді сынып оқушылар арасында мектепішілік Тіл туралы білім мен парасат сайысы өтті. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Турлина А.К өткізді. Онда «Сұңқарлар» және «Атамекен» топтары қатысып, өздерінің танымдық көзқарасын, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін ортаға салып, әр түрлі кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, тілдің нағыз жанашырлары екендіктерін көрсете білді. Екі топ оқушылары да сайысқа белсене қатысты. Сайыстың әділ қазылар алқасы оқу тәрбие-ісінің меңгерушісі Абденова Т.К, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Медеубаева Ш. Т мен Таскентбаева З. М болды. Олар сайысқа қатысушыларға әділ бағасын беріп, сайыскерлерді марапаттады.






"