«Мақал-мәтел бәйгесі»
"
№53 мектеп-лицейінде 7«Ә» сыныбында «Мақал-мәтел бәйгесі» өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту. Сайысқа әр топқа 6 оқушыдан қатысты. Сайыс екі топ арасында өтті. Сайыстың кезеңдері 4 турдан болды. 1 - тур. «Ойна да, ойла» деп аталады. Оқушылар тоқтамастан мақал айту сайысын өткізді. «Білгірлер» және «Тапқырлар» топ арасында болған бұл сайыс теңбе-тең есеппен аяқталды. 2 - тур. Мақал-мәтелдің сыңарын табу. Бұл сайыста «Тапқырлар» алға шықты. 3 - тур. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын анықтап беруден сайыста «Білгірлер» тобы алға шықты. 4 – тур шешендік әңгімеден тапқырлықты шыңдайтын сұрақтар берілді. Бұл сайыста екі топтың айтқан жауаптары бірдей болып шықты. Сайыс қорытындысы теңбе-тең есеппен аяқталды. Сайыс сабақты ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы сайыскерлерді құттықтап, шешен сөйлеуде мақал-мәтелді меңгерудің пайдасы зор екендігін айтып, сәттілік тіледі.
"