«Абай дана, Абай дара қазақта»

қыр 18, 2015 17

"

№53 мектеп-лицейінде 15-ші қыркүйек күні Абай Құнанбайұлының 170 жыл толуына орай «Абай дана, Абай дара қазақта» атты 5-11-сынып оқушыларының арасында «Абай» оқулары өтті. Байқаудың мақсаты: Талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне  ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту. Абай оқуы ІІІ номинация бойынша өтілді. Бірінші номинация: «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай шығармаларын жатқа айту сайысы. Бұл номинация бойынша 18 оқушы қатысты. Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан көңілді ән оятар» Абайдың әндерін орындаушылардың сайысы. Бұл номинацияға 23 оқушы қатысты. Үшінші номинация: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» жас дарындар сайысы. Бұл номинацияға 22 оқушы қатысты. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты номинацияның бас жүлдесін 11«А» сынып оқушысыКеңесқалиева Назым иеленді. І орынды 5«Б» сынып оқушысы Орынбасар Карима, ІІ орынды 8«Ә» сынып оқушысы Лес Әйгерім мен 9«Г» сынып оқушысы Баянов Нұржанат ие болды. ІІІ орынды 7«А» Сарыбекова Назерке, 7«Ә» Лес Ботакөз, 9«И» Қазбек Зарина дипломдармен марапатталды. Алғыс хаттармен мына оқушылар марапатталды: 6«В» сынып оқушысы Еркін Еркеназ, 9«Ә» сынып оқушысы Каримбаева Зұлқұмар, 9«Б» сынып оқушысы Абдухаликова Ұлжан. «Ұйықтап жатқан көңілді ән оятар» атты номинациясының бас жүлдесін 8«Ә» сынып оқушысы Алпысбай Диас иеленді. І орынды 11«Б» сынып оқушысы Сағитов Әлібек, ІІ орынды 5«Б» сынып оқушысы Маратова Рахима және 7«Б» сынып оқушысы Мағзымхан Фариза, ІІІ орынды 6«Б» сынып оқушысы Қабылбек Сүйкім, 8«Б» сынып оқушысы Зейнулла Гүлсана, 8«Г» сынып оқушысы Құралбекова Дана дипломдармен марапатталды. Алғыс хаттармен мына оқушылар марапатталды: 5«В» сынып оқушысы Мемуканова Дилара, 7«А» сынып оқушысы Маукен Камила, 7«Ә» сынып оқушысы Болатов Мирас, 6«И» сынып оқушысы Жетпісбекова Ардақ. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты номинациясының бас жүлдесін 11«Ә» сынып оқушысы Оралбай Абдрауф иеленді. І орынды 9«И» сынып оқушысы Арымбекова Аида, ІІ орынды 8«Ә» сынып оқушысы Исаева Арайлым және 9«Б» сынып оқушысы Әбдіжаппаров Әділбек, ІІІ орынды 5«А» сынып оқушысы Сарыбекова Зарина, 7«А» сынып оқушысы Агитаева Камила, 8«А» сынып оқушысы Қайратұлы Таңат дипломдармен марапатталды. Алғыс хаттармен мына оқушылар марапатталды: 7«А» сынып оқушысы Бекова Дарина, 7«Ә» сынып оқушысы Мұсабекова Карина, 11«А» сынып оқушысы Орынбек Мөлдір, 7«И» сынып оқушысы Галымов Мади. 5-11-сынып оқушылары арасында бұл байқауға барлығы 63 оқушы қатысты. Байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Байқауды өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Токжуманова Меруерт Сайлаубекқызы.



"