Жуырда мектебіміздің өмірі мен мән-жайынан хабардар болу үшін Астана қаласы мәслихатының бюджет комиссиясы төрағасының кеңесшісі Сергеев Владислав Алексеевич келді.
Жуырда мектебіміздің өмірі мен мән-жайынан хабардар болу үшін Астана қаласы мәслихатының бюджет комиссиясы төрағасының кеңесшісі Сергеев Владислав Алексеевич келді. Қонақты мектебіміздің қамқоршылық кеңесі, мектеп әкімшілігі қарсы алып, инклюзивті білім беру үшін ашылған логопед, дефектолог кабинеттерімен таныстырды. Оқуға құштар баланың барлық мүмкіндігі үшін мектеп кітапханасының жаңадан жабдықталғанын көрді. Ал мектептің спортзалы, дәлізі, асханасы күрделі жөндеуді қажет ететіні айтылды. Мектептің сыйымдылығы 1200 балаға шақ келгенімен, қазіргі күні мектепте 3500 оқушы оқиды. Сонымен қатар, келген қонақтар мектеп музейінде алда жоспарланған мектеп жанынан салынатын құрылыс аймағының көрінісімен танысты. Кездесу соңында мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңестің барлық туындаған сұрақтарына жан-жақты жауап алынып, ендігі жасалынатын жұмыстың жоспары мен күндері белгіленді.