"Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу"
Мамыр айының 26-28 күндері аралығында мектебімізде "Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу" бағдарламасы аясында "Балам, сен мен үшін қымбатсың!" атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 7-11 сыныптардың барлық ата-аналары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтері, әлеуметтік педагогтер мен сынып жетекшілер қатысты. Bilim Foundation қоғамдық қорының координаторы психолог Жунусова Риза Сержановна қазіргі таңда ата-ананың баласына деген риясыз мейірімділігі мен сүйіспеншілігі оның психикалық денсаулығының тұрақтылығына үлкен әсер беретіндігін айта келе, баламен дұрыс қарым-қатынас орнатып, тиімді диалог жасау үшін бірнеше пайдалы кеңестер мен ұсыныстар беріп өтті. Жиналыс соңында ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.