"Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу"
🔸️ Жаңа жыл – жаңа бастамалар мен жарқын армандардың белгісі. Жаңа жылдың алғашқы сәулесімен бірге жаңа мүмкіндіктер есік қағып тұрғандай. Бұл – өткенді бағалап, болашаққа нық қадам басатын ерекше сәт. Осы күннің қуанышын бірге бөлісіп, жарқын сәттерді бірге бастау үшін "Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу" атты көңілді үзіліс өткізілді.
Шара барысында оқушылар ұлттық ойынымыз асық ойнаудың ережесімен танысып және өздері ойнады. Наурыз мерекесі туралы ақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап берді.
"Ақты төкпе!" ойыны заманауи түрде шапшаңдық пен икемділікке бағытталған жарыс түрінде өткізілгендіктен балалардың қызығушылығы еселене түсті. Бірнеше қадамдардан құралған сайыстар ұлттық ойынды, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді көздеді. Сый-сияпаттар таратылып, оқушылар өз қоржындарын толықтырып, мереке қуанышқа ұласты.
Жауапты: Акназарова Ботагөз Ершатқызы