"Оқушылардың қауіпсіздігі" тақырыбында мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
🔸️ 2025 жылдың 13 наурызында Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде "Оқушылардың қауіпсіздігі" тақырыбында мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
📋 Күн тәртібінде:
- Мемлекеттік аттестация қорытындысы; 2.Оқушылар қауіпсіздігі; 3.Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы.
Мектебіміздің ұлдар дәрентханаларында орын алған бірнеше кейстерді бейнебаян арқылы ата-аналарға көрсетіліп, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында оң шешімін табу жолдары ұсынылды.
Барлық ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып, өз балаларының қауіпсіздігі үшін дәретханалардың қол жуатын бөлігінде бейнебақылау камералары орнатылсын деген бір шешімге келді.
Жалпы ата-аналар жиналысы хаттамаланып, бейнебақылау орнатылуы жайлы келісім парақшасына қол қойылды.
Дәретхана кіреберісіне (қол жуатын жер) бейнебақылау камераларын қоюға қалай қарайсыз? 👇