Ұстаз баланы өмірге бейімдетіп, білім нәрімен сусындатып
Ұстаз баланы өмірге бейімдетіп, білім нәрімен сусындатып, алдына мақсаттар қойғызып, талапшылдықпен алға жетектеп жүрсе - бұл оның өмірінің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Сыныбымен бірге эмоциясын шығара алатын ұстаздар қазіргі күні де арамызда бар. Мектептегі бүгінгі көрініс осы айтылғанға дәлел бола алады. Бүгін бізді сыныбының жетістігі үшін ерекше қуана білген мектебіміздің физика пәні мұғалімі Ауғанбай Серік Дүйсенбекұлының іс-әрекеті таңқалдырмай қоймады.