ҚР Ұлттық Музейінің демеушілігімен "Қаһарман батыр—Бауыржан" тақырыбында қалалық дебат турнирі

жел 11, 2021 22

11.12.2021ж Нұр-Сұлтан қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейі мен Білім басқармасының жоспары бойынша ҚР Ұлттық Музейінің демеушілігімен "Қаһарман батыр—Бауыржан" тақырыбында қалалық дебат турнирі өтті. Турнирге қазақ лигасының 28 мектебінен командалар қатысты. Турнир мақсаты: Еліміздің 30 жылдық тәуелсіздігіндегі жетістіктерін және Бауыржан Момышұлының тұлғалық қасиеттерін жасөспірімдер арасында насихаттау. Дебат турнирі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Финалға А тобында 4, Б тобында 4 барлығы 8 команда өтті.

Нәтижесінде А тобында:

1-ші орын "Дарын" 82 мектеп

2-ші орын "Бауыржан шәкірттері" №53 мектеп

3-ші орын "Гаухартас" №53 мектеп

Б тобында:

1-орын "Айтарым бар" №53 мектеп

2-орын "Абай бол" №87 мектеп

3-орын "Алау" №86 мектеп командалары иеленді.

"Үздік спикер" дипломдарымен 8 мектеп оқушылары, "Үздік бапкер" дипломымен 6 мектеп ұстаздары, "Үздік төреші" дипломдарымен 5 мектеп ұстаздары мен жастар марапатталды. "Қаһарман батыр—Бауыржан" қалалық дебат турнирі білім ордамыздың Бауыржан Момышұлы есімін алу құрметі аясында өткізген ең алғашқы іс-шара болып табылады. Бүгінгі атаулы шара мектебіміздің оқу-тәрбие ісіндегі көптеген еңбектердің бастамасы болып табылады. Турнирге қатысқан мектептерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

WhatsApp Image 2021-12-12 at 19.31.02.jpeg

WhatsApp Image 2021-12-12 at 19.31.00.jpeg

WhatsApp Image 2021-12-12 at 19.30.59.jpeg