ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Айтулы іс-шара кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының есімін ресми түрде алумен байланысты болды. Іс-шараның бағдарламасында «Тәуелсіздік: Бауыржан Момышұлы жүрген ізімен», «Тәуелсіздік және менің мектебім», «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім», «Біз Тәуелсіздік ұрпақтары» тәрбие сағаттары мен тәлімі мол ашық сабақтар өтті. Дарынды балаларға арналған «ZEREK» сыныбының оқушылары мен ата-аналары үшін әкелер сайысы, мектебіміздегі ерекше білім беру қажеттілігі бар сыныптың балаларымен «Вечная память герою – Б.Момышұлы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Қонаққа Нұр-Сұлтан қаласының білім ордаларынан мектеп басшылары мен мектебіміздің қамқоршылық кеңесі келді. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен қызметкерлері Білім басқармасының, қала әкімінің, қалалық кәсіподақ кеңесінің және мектеп директоры атынан арнайы Құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапатталды.