МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ОҚЫТУ ҚАЖЕТ ПЕ?

сәу 28, 2022 21

МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ОҚЫТУ ҚАЖЕТ ПЕ?

279103792_1233464997423986_5457265501305667848_n.jpg

Қазақ қоғамында өскелең ұрпаққа ұлттық сананы қалыптастыру мәселесін өз салт-дәстүрін оқыту арқылы жүзеге асыру көтерілгенмен оқыту үрдісінде жүзеге асуы аздық етеді. Себебі, білім стандартында Кеңес үкіметі кезіндегі жазылған оқулықтар аударма арқылы қолданылып келді.Тәуелсіздік алғанмен, 20-25 жыл сол үрдістен шыға алмадық. Бірақ қазіргі кезде жаңартылған білім мазмұнына сай стандарт өзгертілгенмен қазақстандық контент айқын көрініс таппай отыр. Кембридж бағдарламасы бойынша жасалынған стандарт тағы да дәстүрлі оқытуды қажет емес деп тапты. Білім беру ордасының басшысы ретінде осы тақырыпты жан-жақты зерттей келе, дамыған елдердің білім саласында ұлттық құндылықтары қалай оқытылады деген ой болды. Сол мақсатта Швейцария, Финляндия, Жапония, Англия мемлекеттерінің білім жүйесін зерделеп, Швейцария мен Финляндияға іс-сапармен барып, іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік болды. Зерттеу барысында көкейімдегі сұрақтарға жауап алдым: Әр ұлтты ерекшелейтін салт - дәстүрі бар, басқа елдер өз дәстүрлерін оқытуды қалай қолдануда? Қандай формада оқытылуы қажет? Олар мектеп бағдарламасымен қалай ұштасқан? Қай жастан бастап ұлттық дәстүрді бала бойына сіңіру керек? Арнайы оқулық пен жұмыс дәптері, оқу бағдарламасы қажет пе? Қазақ ұлтының көне дәстүрлерін қазіргі жаңарту бағдарламасына сай қалай сұрыптап енгізуге болады? Осы сұрақтардың толық жауабын іс-тәжірибе алмасуда басшылыкка ала отырып, бағытым мен ойымның дұрыстығына көзім жетті. Дарынды балаларға арналған «ZEREK» мектебінің бағдарламасы осы ойдан туындап, бағдарлама жазылды, кәсіби мамандар, үздік ұстаздар таңдалды. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының 2019 жылғы 27 тамыздағы сараптама кеңесінің №2 хаттамасы негізінде білімдік бастамаларды тиімді пайдалану және білім мазмұнын жаңарту мақсатында 03.09.2019 жылғы №518 бұйрығымен №53 мектеп-лицейінде «ZEREK» дарынды балалар мектебі эксперименттік алаңы ашылды. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның өзіндік білім беру моделін қалыптастырып, әлемдік білім жүйесіне бәсекелесуге түсе алатын білімді, дарынды, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру. Осы эксперименттік оқыту алаңына арнап «Ұлттық тағылым» атты оқыту кешені (оқулық, арнайы жұмыс дәптерімен бірге) жазылды. Оны жазуға мектебіміздің тәжірибелі бастауыш сынып ұстаздарынан шығармашылық топ құрылып, бағдарламасы жасалды. Көмекке Еуразия Ұлттық Университеті профессор, ғалым ұстаздары тартылды. Бағдарламасы бүгінгі күні қалалық, республикалық ғылыми-әдістемелік сараптама кеңесінде мақұлданып, бекітілген. Нәтижесінде бала жасы ескерілген, жеңіл құрылған тамаша оқулық пен жұмыс дәптері дайын болды. Авторлық бағдарлама ретінде қалалық та, Алматы қаласында өткен республикалық та «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсынан жүлделі І орынға ие болды. Қазіргі таңда «ZEREK» мектебі эксперименттік алаңының оқушылары 3-сыныпты аяқтап отыр. Үш жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында таралып, түрлі байқауларда шәкірттері жүлделі орындарға ие болды. Олардың барлығы бірдей домбыра тартады, ұлттық салт-дәстүрге қанық, озық ойлы. Ең маңыздысы, дәстүрін білетін, үлкенді сыйлайтын нағыз ұлтжанды оқушылардың өсіп келе жатқанын көргенде - тағы да дұрыс бағытта екендігімізге сенім арта түсті. Мақсатымыз - алдымен, мектеп ішінде өзіміз тәжірибеден өткізіп, үш жылғы тәжірибені қорытындылай отырып, тәжірибені қала мектептеріне тарату. Егер қолдау тапса, болашақта республика көлемінде қазақстандық өзіндік білім беру жүйесі қалыптасатынына, ұлттық құндылыққа толы білім мектебінің саны артатынына үмітім мол.

278996644_1233473140756505_9195905004612327059_n.jpg

278873740_1233464940757325_5442247450200014043_n.jpg

278826553_1233464970757322_2318019452462520170_n.jpg

279026230_1233473077423178_6587037153623824153_n.jpg

279027028_1233465047423981_8890586497554371731_n.jpg

279103792_1233464997423986_5457265501305667848_n.jpg

279076128_1233473050756514_5538541955563325175_n.jpg

279035511_1233473184089834_5376765505207510839_n.jpg

279149532_1233473124089840_5573319488077414704_n.jpg

279169877_1233465067423979_3737504122313491154_n.jpg

279181253_1233473087423177_8274986829223100835_n.jpg

279203653_1233473230756496_6362577191372765098_n.jpg

279205406_1233472654089887_7803093425961792164_n.jpg

279210754_1233473514089801_8835155645324423725_n.jpg

279302502_1233473024089850_5224366766128232281_n.jpg

279220851_1233472584089894_1158142471339544768_n.jpg

279215300_1233473327423153_8347402236120511360_n.jpg

279381094_1233473290756490_3283534756710905089_n.jpg

279349939_1233473554089797_7808921579133293502_n.jpg

279314588_1233472717423214_2853424940209468631_n.jpg

279391657_1233473164089836_3298968309231695030_n.jpg

279426232_1233472894089863_6698323953136607364_n.jpg