«Амалтея» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасы: тәжірибе алмасу.
«Амалтея» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасы: тәжірибе алмасу.
29 сәуір күні мектебіміздің педагог-психологтарының ұйымдастыруымен ««Амалтея» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасы: тәжірибе алмасу» атты жас педагог-психологтерге арналған қалалық семинар ұйымдастырылды. Мақсаты - автоматтандырылған психодиагностикалық бағдарламаны тәжірибеде қолданудың тиімділігімен таныстыру. Семинарға қонақ ретінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің жетекшісі Капанова Гульмира Кадырбаевна, психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскері Исабекова Айжамал Керимбековна, психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Бодикова Ляззат Жамауовна қатысты. Семинарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Биржанова А.З. мен әлеуметтік педагог Совет М.Ғ. психологиялық қызметпен бірлесе атқаратын мобильді топ жұмыстары жөнінде ауқымды ақпарат берді. Әрі қарай фойеде 11 «Д» сыныбы оқушысы Загипарова Даянаның өз ұсынысымен ұйымдастырылған «Великие женщины в истории Казахстана» атты фото-көрмемен жалғасты. Көрмеде оқушы тарихта ойып із қалдырған ұлы әйелдер туралы деректер келтіріп, толық ақпарат беріп өтті. Барлық келген қонақтар «Амалтея» кешенді диагностикалық тестілеу алынатын кабинетімен танысты. Әрі қарай мектеп психологтері автоматтандырылған психодиагностикалық бағдарламаның тиімділігі мен мектеп оқушыларынан алынған тестілеу қорытындысының мониторингі туралы ақпарат берді. Сонымен қоса жас психологтердің көңіл-күйін көтеріп, сергіту мақсатында «Қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тренингі өткізілді. Түрлі жаттығулар мен тесттер өткізіліп, соңында әсем әнді бірге шырқап, позитивті көңіл-күйде семинар аяқталды. Барлық қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тілек-алғыстарын білдірді.