Көркемсөз оқу

қыр 23, 2024 4

Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, әдебиет пен өнерді жете меңгерту, өлең жазу мен ақындық қасиеттерін дамыту мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 21 қыркүйекте республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқауға Астана мектептерінің 8-11 сынып оқушылары бақ сынасты.

📍«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 43 оқушы қатысқан сайыста №53 мектеп-лицейінің
9”Ә” сынып оқушысы Абдығапар Еркеназ жүлделі 2-ші орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Н.М.Ирбаева.

WhatsApp Image 2024-09-24 at 7.26.36 PM.jpeg