Халықаралық көшбасшылар форумы аясында Астана қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы 53 мектеп-лицейіне жол түсті
Халықаралық көшбасшылар форумы аясында Астана қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы 53 мектеп-лицейіне жол түсті. Мектеп әдемі, кең, оқушылар үшін өте жайлы екен және де мектеп директоры Қиянова Зәмзәгүл Ертайқызының жетекшілігімен ұйымшыл ұстаздар ұжымы жұмыс жасайды. Мектепте ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған мұражайды, кітапхананы, шахмат орталығын, оқу кабинеттерін, оның ішінде «Домбыра» кабинетін араладық. Кездесуден естелік ретінде мектеп директорының бастамасымен әзірленген 1-сыныпқа арналған «Ұлттық тағылым кітабы» атты оқулығы сыйға тартылды. Мектептің «Сапалы білім, ұлттық құндылық – табысты мектеп кепілі» миссиясын орындап, дұрыс әрі қажетті бағытта келе жатқан әріптестерім үшін қуаныштымын!