Бүгін мектебімізде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»
Бүгін мектебімізде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жастар арасында Интернетке тәуелділіктің алдын алу» «Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу» және «Отбасылық тәрбие» тақырыбында «Қауіпсіздік сағаты» қалалық жобасы шеңберінде ата-аналар жиналысы өтті.
Модератор: Хасенова Гүлсім Төкенқызы - Астана қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы.
Ата-аналар мен педагогтер қатысқан іс-шараның мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелерінде ата-аналар мен педагогтардың құқықтық және педагогикалық мәдениетін арттыру.
Ата-аналар жиналысы мектеп психологтарының жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруымен басталып, мәдениет министрі 9Ә сынып оқушысы Қасымхан Зеренің мектеп парламентінің жұмысын таныстырумен жалғасты. Күн тәртібінде сөз алғандар:
-
«Қауіпсіздік сағаты» қалалық жобасының тұжырымдамасы туралы - Хасенова Гульсим Тукеновна, Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы;
-
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» - Дощанова Налля Нуруллаевна, Астана қаласы полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы полиция подполковнигі;
-
«Қыс мезгіліндегі су қоймаларындағы қауіпсіздік» - Балташев Талғат Аңсарұлы, Астана қаласы Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері;
-
«Жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бойынша» - Хакимова Диана Кадырхановна, «Құқық» ҚҚ психологы.
Ата-аналар жиналысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы отбасының рөлі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың белгілі бір түрлері үшін ата-аналардың жауапкершілігі және т. б. мәселелері көтерілді. #астанабілімбасқармасы#тәрбие53#адал#біртұтас_тәрбие @tjd_astana
https://www.instagram.com/reel/C0RVpwDsANl/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==