Бүгін Астана қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде қосымша ғимараттың ашылу рәсіміне арналған мерекелік іс-шара өтті
Бүгін Астана қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде қосымша ғимараттың ашылу рәсіміне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты ашылу рәсімінде Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы, ҚР Мәжіліс депутаттары Шапақ Үнзила, мектептің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айымторин Жұмабек, мектептің қамқоршылық кеңесінен Биржанова Айгул Зейнуловна, Калиева Жазира Жолдасбековна құттықтау сөз сөйлеп, ақ тілектерін арнады. Қазіргі күні 2023-2024 оқу жылында Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде 3611 бала оқиды. Осы оқу жылында мектеп жанынан салынған қосымша ғимараттың жобалық сыйымдылығы – 900 оқушыға арналып салынғандықтан, үш ауысымдық мәселе шешілді. Екі спорт зал, екі асхана, медкабинет, химия, биология, информатика, физика оқу кабинеттері жабдықталған. Жалпы – 90 кабинет. Мектеп ауласында баскетбол, волейбол, футбол спорттық алаңдары жаңартылды. Қонақтар оқу кабинеттерінің жабдықталуымен танысып, оқушылардың өнерін тамашалады. Қаламыздағы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне барып, Бауыржан Момышұлының 113 жылдығына орай гүл шоғын қойды. Касымхан Сенгазыев Астана қаласының Білім басқармасы/ Управление образования города Астаны