Бүгін №53 мектеп-лицейінің жанынан салынған жаңа корпусты аштық

жел 23, 2023 29

Бүгін №53 мектеп-лицейінің жанынан салынған жаңа корпусты аштық.

Бұл мектеп жанынан салынған қосымша құрылыс жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынды. Мектеп 1 ауысымда 475 орынға арналған. Білім беру нысанында екі ауысымда 950 бала оқи алады. Осылайша №53 мектеп-лицейі үшауысымды мектептер қатарынан алынады. Айта кетейін, білім беру ұйымы 4 жылдай бала санының артуына байланысты үшауысымдық мектептер қатарында болды.

Қосымша ғимаратта 90 кабинет бар. Әр сынып толық жабдықталып, балаларға жайлы жағдай жасалған. Екі спорт зал, екі асхана, медкабинет, химия, биология, информатика, физика оқу кабинеттері жабдықталған. Сондай-ақ, мектеп ауласында баскетбол, волейбол, футбол спорттық алаңдары жаңартылды.

Оқушылар бұл жерде үшінші тоқсаннан бастап оқиды. Қазір мұнда 3611 бала білім алуда.

@oqu_agartu_ministrligi @gani.beisembayev @akimat__astana @jenis_qasymbek @baikenyesset

32.jpeg

31.jpeg

30.jpeg

29.jpeg

28.jpeg

27.jpeg

26.jpeg

25.jpeg