«Балалар суретіндегі Жеңістің 70 әні»

нау 03, 2015 2

"

Ерлік ешуақытта ұмыт қалмауы тиіс. Биылғы жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Жеңіс мерекесі Тәуелсіз еліміздің бейбіт атқан арайлы күндерінде жетпісінші рет тойланбақшы. Атаулы мереке қарсаңында оқу мен тәрбие қатар ұштасқан білім ордасында жас жеткіншектерге бабалардың ерлік рухын ұмытпау үшін тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Балалар суретіндегі Жеңістің 70 әні» атты сайысқа 10 «А» сынып оқушысы Әділхан Қуаныш өз еңбегін ұсынды. С.Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңінің мазмұны бойында салған суреті қалалық сайыста ІІ орынды иеленді. Жетекшісі –Сарсембаева Ж.Т.

                                                    

"