Ұлы Жеңіcтің 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шара

ақп 24, 2015 2

"

№53 мектеп-лицейінде ақпан айында Ұлы Жеңіcтің 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу. Бастауыш сыныптарда «Великая Победа далась не легко!» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Іс-шараға ата-аналар, мұғалімдер қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. 1 орын: 2 «Ж» сынып оқушысы - Темиргалиева Айда; 2 орын: 2 «Д» сынып оқушысы - Сатаева Алина,ШокановаАйдана; 1 орын: 3 «З» сынып оқушысы - Сейтмухамбетова Амина; 2 орын: 3 «Д» сынып оқушысы - ТайроваЭлиянора иеленді.
           

Ал І қабатта Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай «Менің атам – майдангер» жобасы негізінде суреттер көрмесі ұйымдастырылды.



       

Мектеп кітапханасында «9 мамыр –Ұлы Жеңіс күні» атты бұрыш ұйымдастырылды.