«Ұстазым менің, ұстазым...»

қаз 10, 2014 8

"

Дәл осындай мақтанышпен айтқан 11 сынып оқушыларының орындауында болған ән сөздері көпке дейін бәріміздің жадымызда қалды.11 сынып оқушылары мұғалімдер күнін ерекше ұйымдастырды. Ұстаздарды таңертең жұмысқа келуінен бастап бірінші қабатта салтанатты түрде қарсы алды. Мектеп түлектері сап құрып, қошеметтеп әр мұғалімді құттықтады. Оқушылар сабақтан соң мектеп мұғалімдеріне дене тәрбиесі сабағы мен би сабағын ұйымдастырды. Дене тәрбиесі сабағында оқушылар мұғалім ретінде сабақ өткізіп, мұғалімдерге түрлі жарыстар ұйымдастырып, оның қорытындысы шығарылып, жақсы ұйымдастырылғанымен қызықты спорт шарасы мұғалімдердің есінде қалды. Мұғалімдерге деген сый-құрмет, ізгі ниеттерін оқушылар мерекелік келесі шарада көрсете білді. «Біздің студия» ток-шоуының арнайы қонағы ретінде мектеп директоры Қ.Ж.Әбдірәсілов болды. Әзілді сұрақтар мен әңгімеге тартқан жүргізуші 11«Ә» сынып оқушысы Нұрдәулет студия қонағын да залда отырған мұғалімдер мен оқушыларды да қызыққа, қуанышқа бөледі. Мектеп басшысы да өзіне қойылған сұрақтарға да, ойынға тарту талаптарды да жақсы қабылдап, ток-шоу тартымды, қызықты өтті. Соңы мерекелік концертпен жалғасты.



"