Айтыскер ақын Балғынбек Имашевпен кездесу

қаз 03, 2014 15

"

№53 мектеп-лицейінде белгiлi ақын, айтыскер, көптеген Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, филология ғылымының кандидаты, Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы Балғынбек Имашевпен кездесу кешi болды. Кездесуді ұйымдастырушы – мектептің ғылыми әдістемесі бойынша директордың орынбасары - Аманова Төленді Советбекқызы. Кешті 6 «Ә» сынып оқушысы Сәуленова Жанел және ақынның шығармашылығын зерттеп, ғылыми жоба жазып жатқан 4«А» Сәуленова Жания мен 2«Г» сынып оқушысы Байбурин Ерасыл жүргізді. Мұғалімі – Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы. Айтыскер, ақын оқушылардың қойылған сұрақтарына көңілге қонымды жауап берді.   Кездесу соңынан сөз алған белгілі айтыскер ақын Б.Имашев қатысушыларға рахметін айтып, барлықтарына шығармашылық табыстар тіледі.







"