ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

қаң 22, 2020 12

"

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың инновациялық әдістері» атты тәжірибелік семинар болып өтті. Оған мектебіміздің химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші - Сайлиханова Манат Бахытовна «Effective methods of integrating English into the natural science subjects through CLIL» тақырыбында қала мектептерінің ұстаздары үшін коучинг өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.







"