«ПАРАСАТТЫЛЫҚ» деген не? АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

қаң 17, 2020 529

"

Мейірімділік, адалдық, әділеттілік, сенімнен басқа, парасаттылық басқаларға деген адалдықты қамтиды, бірақ қатал шындық емес, өйткені бастысы - біреудің сезімдеріне зиян тигізбеу. Парасатты адам сатқындыққа, зұлымдыққа, агрессияға және басқа да өнегесіз әрекеттерге, сезімдерге қабілетті емес. Ол өз әрекетінде парасаттылық қағидалары мен жақсылық ережелерін қолданады, мысалға:
• Досыңмен бөліс
• Адамдарға көмектес
• Әлсіз адамды қорға
• Қызғанба
• Өзгелердің қателіктерін кешір.
Осы пікірдің төңірегінде бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№53 мектеп-лицей» КММ-де «Парасаттылық деген не?» атты адалдық сағаты ұйымдастырылды. Оған ҚР Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары - Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы, мектеп директоры –Киянова Замзагул Ертаевна және ұстаздармен 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Адалдық сағатында мектеп директоры Замзагул Ертаевна сөз алып, парасаттылық және өз ісіне деген парасаттылық - еңбекке, өзімізге және айналамыздағы әлемге саналы және адал қарым-қатынас - бұл еліміздің табысының басты факторы екендігін атап өтіп, жас буынға біздің еліміздің жастар үшін үлкен мүмкіндіктер жасап жүргенін түсіндірді. Жазира Жақсылыққызы жастардың басты міндеті-жаңару, өзгеру екендігін түсіндіріп, жас ұрпаққа үндеу жасады. Парасаттылық - қазақша «парасаттылық» немесе ағылшын тілінде «integrity» - адалдық, заңдылық, тұтастық, сенімділік сияқты құндылықтарды біріктіретін күрделі ұғым. Бұрынғыдай тезис: «Өзіңнен баста». Осы қағидаларды оқушыларға баяндама үлгісінде тарих пәні мұғалімі Алиев Ербол Нұрмаханұлы сөз етті. Адалдық сағаты соңында мектебіміздің 200-ге жуық мүшесі бар еріктілер тобының белсенділері сөз алып, мектепте атқарылып жүрген жұмыстарын таныстырып өтті: 8 А сынып оқушылары, сынып жетекшісі – Хурмет Жанатбек ұстазымен бірге қаладағы балалар үйіне барып, балаларға қажетті кеңсе тауарлары мен ойыншықтарды сыйлады. Олармен бірге тренинг ұйымдастырып бірнеше сағат уақыттарын балаларға жылулық сыйлауға арнады. Мектебіміздің 9 Д сыныбы, сынып жетекшісі – Абдраханова Роза Керимхановнамен жәрмеңке ұйымдастырып, қаңғып жүрген үйсіз, бос қалған үй жануарларын қорғайтын фондқа тағамдарын сатып алып, апарып берді. Осыдай игі істердің нәтижесінде оқушылардың бойынан қайырымдылықты, мейірімділікті, сүйіспеншілікті аңғардық. Жастар- Қазақстанның болашағының негізгі қозғаушы күші, аға буынның лайықты өзгеруі.







"