БАУЫРЖАНТАНУ САЯХАТЫ

қар 02, 2019 22

"

Қазан айының 28-інен бастап мектеп-лицейдің бір топ оқушылары мен ұстаздары Бауыржан Момышұлының туған жеріне барып, толық танысып, баба әруағына тағзым ету ниетінде жолға шықты. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының туып өскен жері Жуалыға бардық. Батыр атамыздың мемориалдық музейін аралап, көптеген маңызды ақпараттарға қанығып, батыр тұлғаның көзі тірісінде тұтынған заттарын, жиһаздарын, жазған кітаптарын, киген әскери киімдерін көріп, өз қолымен жазған хатын оқыдық. Отбасы жайлы да мағлұматтар алдық. Бауыржан бабамыздың әкесі Момыштың бұлағына арнайы барып, бұлақ басынан жақсы ырымға балап су алдық. Ауылдағы Құлый баба мешітіне кіріп, Бауыржан атамыздың рухына құран бағыштатып шықтық. Балалар өздеріне керемет әсер алып, батырдың туып өскен жерімен, ауылымен танысты. Балалардың көпшілігі Жамбыл өңіріне алғаш рет қадам басқандар.





"