""Өсімдік егу" үйірмесі"

қаз 07, 2019 14

"

Мектебімізде жаңа оқу жылына жоспарланған үйірмелер қатарында "Өсімдік егу" үйірмесінің жұмыстары нәтиже беріп жүр. Үйірме жетекшісі- Есмаханов Рамазан Сақтағанұлы сенбі күндері 6-сынып оқушыларының бос уақытын тиімді пайдаланып, еңбекке баулиды. Аз уақытта Рамазан Сақтағанұлы шәкірттерімен бірге денсаулыққа пайдалы, астың дәмін келтіретін алғашқы көк жуаларын көп мөлшерде жинап алып, қаладағы балалар үйінің аспаздарына апарып берді. Сауабы мол, еңбегі берекелі үйірме жұмысына оқушылар қызығушылық танытып, сенбі сайын қалмай қатысады. Үйірме жұмысының болашақтағы жоспары- бұдан да көп өнім жинап, қажеттілікке жарату.





"