«Eco - life 2019» қалалық семинар

нау 14, 2019 6

"

2019 жылдың 14 наурыз күні Астана қаласының Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының басшылығымен Республикалық «Экочеллендж» гранттық жобасы аясында №53 мектеп-лицейінде «Eco - life 2019» атты қалалық семинар өтті. Тұрмыстық қалдық заттарға екінші өмір сыйлау арқылы оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісу мақсатындағы семинарға Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері, Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының директоры, әдіскерлері, қоғамдық маңызды инициативтарды дамыту қорының төрағасы Т.Н.Немцан және Астана қаласы білім беру ұйымдарының басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Іс-шарада ашық сабақтар, сыныптан тыс сағаттар, ата-аналар мен оқушылар жасаған қолөнер көрмелері мен қайырымдылық жәрмеңкелер, серіктестік жұмыс жоспарындағы ЕНУ -нің аға оқытушыларының экологиялық тақырыптағы дәріс сабағы ұйымдастырылды. Семинардың қорытындысында Қазақстанның суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Ресейлік «Удивительные люди» телебағдарламасының жеңімпазы, мектебіміздегі үйірме жұмысының жетекшісі – Елубаев Ренат шеберханасын көрсетті. Семинар соңы Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Г.К.Ибраева, қоғамдық маңызды инициативтарды дамыту қорының төрағасы Т.Н.Немцан сөз алып, іс-шараның жоғары деңгейде өткенін айтты. Мектеп-лицей директоры З.Е.Киянова барлық келген қонақтарға, экочеллендж жобасы аясында жүргізіліп жүрген жұмыстары мен бүгінгі семинарда өнерін көрсеткен ата-аналар мен балаларға алғысын білдірді.










"