МЕКТЕПТЕГІ МЕРЕКЕ
"
8 НАУРЫЗ - Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп-лицейдің оқушылары мен ер мұғалімдері мерекелік ән-шашу ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара дене шынықтыру кафедрасы мен кәсіподақ ұйым мүшелерінің өткізген " Көңілді старт" спорттық сайысымен жалғасын тапты. Мектеп-лицейдің әр кафедра ұжымынан құралған командалар түрлі деңгейдегі спорттық сайыс талаптарынан бақтарын сынады. Нәтижесінде ең епті, мықты, спорттан да дес бермейтін бастауыш сынып кафедрасы БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болып, ЖЕҢІМПАЗ атанды. Жүлделі I орын мектеп әкімшілігі құрама командасына тиесілі болса, II орын қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, III орынды өнер және технология кафедрасы жеңіп алды.
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!