Ұлттық мұражайға саяхат

қыр 05, 2014 328

"

Бірінші қыркүйек күні 8 «Б» сынып оқушылары Ұлттық мұражайға барды. Оқушылар мұражайда ежелгі дәуірден бастап, осы күнгі кезендегі түрлі экспонаттарды тамашалап көрді. Мұражай қызметкері қазақ тілінде әр залдағы заттар мен экспонаттардың шығу тарихымен таныстырды. Оқушыларға мұражай өте ұнады. Әсіресе оларға «Алтын адам» экспонаты өте қатты ұнады. Сонымен қатар мұражай біздің қазақтың зиялы қауымдарының қолданған заттары мен бұйымдарына ерекше тоқталып, түсіндіріп айтты. Абай Құнанбаевтың түп нұсқа кітабы, Шоқан Уалихановтың қолданған заттары, Дина Нүрпейісованың домбырасы, Қажмұқан балуанның белдіктері, Роза Бағланованың 1980 жылы сахнаға киіп шыққан көйлегі, Абылай ханның шапаны тағы да басқа заттарды оқушылар өз көздерімен көріп танысты. Ежелгі адамдардың қолданған заттары мен әшекейлері де оқушыларға қатты ұнады.

                      

"