Ашық сынып сағаты

қыр 05, 2014 9

"

1 қыркүйекте 6 «Ә» сыныбында «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырында ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатқа1936 жылы Павлодар өңірінін тумасы, еңбек ардагері, оқу озаты, 41 жыл мектепте ұстаздық қызметін атқарған, қалалық ардагерлер қоғамының мүшесі Қудашева Торғай Жұмабайқызы қонақта болды. Оқушылардың ұсынысы бойынша еңбек ардагері өмірбаяны туралы, басынан кешкен қызықты оқиғалары туралы  айтып берді. Жасы 80 жасқа таяп қалса да, белсенді ардагер екенін айтты. Сабақ соңында ардагер апамыз оқушыларға өз батасын берді.
Сынып жетекшісі Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы

   

"