Қалалық семинар
"
Наурыз айының 3-і күні №53 мектеп-лицейде «Lesson study - іс-әрекетті зерттеудің тиімді жолы» тақырыбында семинар болып өтті. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру арқылы оқушыларға сапалы білім беруде, олардың белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыру мақсатындағы семинарға Астана қаласы педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері А.Алданыш, К.А.Күзембаева және №45, 50, 51 мектеп ұстаздары қатысты. Мектеп директоры З.Е.Киянова алғашқы сөзді алып, семинарға қатысушыларға сәтілік тіледі. Семинарда мектеп мұғалімдері кіріктірілген сабақтар өткізіп, сынып оқушыларының білімін арттыру мәселесі мен шешу жолдарын қарастырды. Желілік қоғамдастықтағы ұстаздар әр сабаққа кері байланыс жасап, іс-тәжірибемен алмасты. Семинармен қатар мектеп-лицейдің білімді тәрбиемен ұштастыра сусындататын іс-шаралар орын алды: театр клубы, қолөнер, дебат үйірмесі және хореография өз жұмыстарын ата-аналарға көрсетіп, тәрбие жұмысының жан-жақтылығы көрінді. Семинар өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.