«БІЛІМ МЕН ПАРАСАТ» Зияткерлік сайысы

қар 21, 2017 32

"

20 қарашада 9 қазақ сыныптары аралығында «БІЛІМ МЕН ПАРАСАТ» Зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу, мектеп заңдарына бағынуды үйрету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жауапты 9«Ә» сынып жетекшісі Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы. Жүргізушілер 9«Ә» сынып оқушылары болды.  Сайыс Ү кезеңнен тұрды. 1-кезең: топтардың өздерін таныстыруы. 2-кезең: "Ойды аяқта". Барлық топқа ортақ, мақал-мәтелдің жартысы оқылды, ал қатысушылардың міндеті сол мақалдың екінші жартысын тауып, жалғастыру еді. Ойлануға 5 секундтан артық берілмейді. 3-кезең: «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 4 сұрақтан қойылады, қатысушылар сұрақтарға мейлінше тез және нақты жауап беруі тиіс. 4-кезең:  "Заң сөйлесін" кезеңінде әр топ өзіне берілген тақырыпты заң жүзінде түсіндіріп, қорғай білді. Ойлануға, топ арасында талқылауға 3 минут берілді. 5-кезең:  "Ашық микрофон" кезеңі әр топқа өз ойын ашық білдіруге мүмкіндік берілді. "Өз құқығымды білемін, басқаның құқығын құрметтеймін" тақырыбына байланысты әр топ өз ойларын білдіре алды. Сайыста І орын иеленген 9«Б» сыныбы, ІІ орын 9«В» сыныбы, ІІІ орын 9«И» сыныбы. Сыныптар арасында ерекше ат салысып жақсы қатысқан оқушыларға мадақтау қағаздарымен мараппаталды. Сайыс соңында 9«Ә» сынып оқушысы Балгожин Рамазан «Мен, сен - бәріміз» әнімен аяқтады.






"